Негізгі мазмұнға өту
UniMap

Құпиялылық саясаты

Соңғы жаңартылған күні: 14.11.2026

Қазір сайтта тіркелу жоқ, сондықтан ешқандай жеке дерек жиналмайды. Жеке кабинет іске қосылғанда осы саясаттағы ережелер қолданылады.

  • Жиналатын деректерТек жеке кабинет ашқанда: аты-жөні және телефон нөмірі. Тіркелмесеңіз, ешқандай дерек жиналмайды.
  • Сұралмайтын деректерИИН, мекенжай және құжат көшірмесі сұралмайды. Сайтта аналитика мен жарнама cookie-лері жоқ.
  • Деректер сатылмайдыДеректеріңіз жарнамаға пайдаланылмайды және ешкімге сатылмайды.
  • Оңай өшіріледіКабинеттегі бір батырмамен немесе admin@unimap.kz поштасына хат жазып өшіресіз.

Толық мәтін

1Жалпы ережелер

Бұл саясат unimap.kz сайтына және UniMap қосымшасына қатысты. Сайттың иесі және дербес деректердің меншік иесі: ЖК «BAYTOLE COMPANY». Байланыс: admin@unimap.kz.

Деректер Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы бойынша өңделеді.

2Тіркелмей қолданғанда

Сайттың барлық ақпаратын (карта, университеттер, мамандықтар, гранттар, іздеу) тіркелмей-ақ көресіз. Бұл кезде сізден ешқандай жеке дерек сұралмайды.

Таңдаулы мамандықтар, түнгі режим, «Таңдау» тестінің нәтижесі және грант калькуляторындағы таңдауларыңыз тек өз браузеріңізде сақталады. Олар бізге жіберілмейді, браузер деректерін тазаласаңыз, өшіп кетеді.

Сайтта аналитика жүйелері, жарнама және бақылау cookie-лері жоқ.

Техникалық деректер: хостинг сервері қауіпсіздік пен жұмыс үшін IP-мекенжайды, браузер түрін, ашылған бетті және уақытты техникалық журналға автоматты түрде жазады. Карта беттері карта суреттерін OpenFreeMap (OpenStreetMap) сервисінен жүктейді, сондықтан ол сервис IP-мекенжайыңызды көреді.

3Жеке кабинет ашқанда

Кабинет ашсаңыз, мына деректер ғана жиналады:

  • атыңыз бен тегіңіз (тегі заң бойынша келісімде көрсетілуі керек, кабинетте көрсетілмейді);
  • телефон нөміріңіз (кіру логині, тіркелу коды соған келеді);
  • кім екеніңіз (сынып, түлек, ата-ана), егер өзіңіз көрсетсеңіз;
  • кабинетте өзіңіз сақтаған нәрселер: таңдаулы мамандықтар, тест нәтижелері.

Кіру үшін өзіңіз ойлап тапқан құпиясөз қолданылады. Ол ашық түрде сақталмайды: серверде тек одан жасалған, кері қайтарып алуға болмайтын шифр (хэш) сақталады, сондықтан құпиясөзіңізді біз де көре алмаймыз. WhatsApp арқылы бір реттік код тек тіркелу мен құпиясөзді қалпына келтіру кезінде жіберіледі.

4Деректер не үшін қолданылады

Тек кабинетке кіруіңіз үшін және кабинетіңіз жұмыс істеуі үшін: сақтағандарыңыз кез келген құрылғыда ашылуы үшін.

Деректеріңіз жарнамаға қолданылмайды, ешкімге сатылмайды және берілмейді (төмендегі WhatsApp коды мен заң талап ететін жағдайлардан басқа).

5Растау коды WhatsApp арқылы

Тіркелу мен құпиясөзді қалпына келтіру коды телефоныңызға WhatsApp арқылы жіберіледі. Ол үшін телефон нөміріңіз бен код WhatsApp қызметіне (Meta Platforms) беріледі. Олардың серверлері Қазақстаннан тыс жерде орналасқан, сондықтан бұл деректердің шетелге берілуі болып саналады.

Тіркелу кезінде бұған жеке келісім сұралады. Нөмір оларға тек кодты жеткізу үшін беріледі.

6Деректер қайда және қалай сақталады

Кабинет деректері Қазақстан аумағындағы серверде сақталады, Заңның 12-бабы осыны талап етеді.

Сайтпен байланыс шифрланған (HTTPS). Деректерге тек сайт иесі қол жеткізе алады.

7Қанша уақыт сақталады және қалай өшіріледі

Деректер кабинетіңізді өшіргенше сақталады.

Кабинетті «Аккаунтты өшіру» батырмасымен немесе admin@unimap.kz поштасына хат жазып өшіре аласыз. Келісіміңізді де осылай қайтарып аласыз. Деректер бірден, ең кеші 15 жұмыс күні ішінде толық жойылады.

818 жасқа толмағандар

Заң бойынша дербес деректерді өңдеуге келісімді адамның өзі немесе оның заңды өкілі береді. Сайтты қолданатындардың көбі мектеп оқушылары, сондықтан 18 жасқа толмаған болсаңыз, кабинет ашпас бұрын ата-анаңызбен (заңды өкіліңізбен) келісіңіз.

Ата-ана баласының кабинетін admin@unimap.kz поштасына хат жазып өшіртуге құқылы.

9Сіздің құқықтарыңыз

Заңның 24-бабы бойынша сіз:

  • қандай деректеріңіз бар екенін, оларды не үшін және қанша уақыт сақтайтынымызды білуге;
  • деректеріңізді өзгертуді немесе толықтыруды талап етуге;
  • заң бұзылған жағдайда оларды бұғаттауды, жоюды талап етуге;
  • келісіміңізді қайтарып алуға;
  • құқығыңыз бұзылса, уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

Сұрағыңыз болса, admin@unimap.kz поштасына жазыңыз.

10Қауіпсіздік бұзылса

Деректердің қауіпсіздігі бұзылғаны анықталса, біз бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлаймыз және кабинет иелеріне хабар береміз.

11Саясаттың өзгеруі

Саясат өзгерсе, жаңа мәтін осы бетте жарияланады, жоғарыда жаңартылған күні көрсетіледі.